Жоғары білім берудегі жасанды интеллектіні дамыту:жоғары оқу орындарының басшыларына арналған бағдарлама

27.11.2025
 
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы білім беруді цифрлық трансформациялау бағытындағы көшбасшылық ұстанымын нығайта отырып, жоғары білім және ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні дамыту мен енгізуге арналған жоғары оқу орындарының басшыларына арналған бағдарламаға қатысты.
Аталған бағдарлама 2025 жылғы 10–21 қараша аралығында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында өтті.
 
 
Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан төмендегі өкілдер қатысты:
• цифрлық офицер – Нурпеисов Айбек Сенбекович
• медицина факультетінің деканы – Сейдахметова Айзат Ашимхановна
• фармация факультетінің деканы – Арыстанбаев Куттыбек Есенгельдиевич
• медициналық биофизика және IT кафедрасының меңгерушісі – Иванова Марина Борисовна
• ғылыми жұмыстар бөлімі меңгерушісі – Сейіл Біржан Сейітұлы
 
 
Бағдарламаның негізгі спикерлері қатарында:
Кобенова Гүлзат Исбасарқызы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Әбішев Әли Әжімұлы – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті
Жақыпова Фатима Надырқызы – ҚР ҒЖБМ Жобаларды басқару офисінің академиялық жетілдіру және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жобалары тобының жетекшісі
Жармағамбетова Меруерт Советқызы – М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры
 
 
Спикерлер жоғары білім беруді цифрлық дамытудың ұлттық басымдықтарын айқындап, білім беру үдерістерін жаңғыртудағы жасанды интеллектінің шешуші рөлін және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызын атап өтті.
 
 
Бағдарлама аясында университеттердің цифрлық стратегияларын қалыптастырудың заманауи тәсілдері, цифрлық жетілу деңгейін арттыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру, ғылыми және басқарушылық қызметке енгізу мәселелері талқыланды. Практикалық бөлім автоматтандыру, оқытуды дараландыру және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған қолданбалы шешімдер мен use-case жобаларын әзірлеуге арналды.