Жасанды интеллекттің медицинада қолданылуы талқыланды

16.10.2025

2025 жылдың 29 қыркүйегінен 4 қазанға дейін Қазақстанда Жасанды интеллект апталығы өтуде. Бұл маңызды іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында белгіленген басымдықтарды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.
Жолдауда жасанды интеллектті дамыту және оны түрлі салаларда, оның ішінде медицинада кеңінен қолдану қажеттігі ерекше айтылған. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: денсаулық сақтау міндеттері» атты тақырыпта семинар өтті.
Семинарда KazMBS ақпараттық технологиялар мектебінің директоры
Жантелі Хасен Асқарұлы жасанды интеллект технологияларын медицина саласында қолдану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Ол жасанды интеллекттің медицинадағы рөлі, оның диагностикалау, емдеу, науқастарды бақылау сияқты түрлі бағыттарда тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің медициналық қызметтің сапасын арттырудағы маңыздылығы талқыланды.