Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен!

10.11.2025

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бүгінде цифрлық трансформация – еліміздің стратегиялық даму бағытының бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің цифрлық трансформация, жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамалары және ұлттық ІТ – жүйелерді дамытудың жоспары қазіргі заманға сай, қауіпсіз және интеллектуалды цифрлық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

 

Ерекше назар жасанды интеллектіні дамытуға, процестерді автоматтандыруға және жаңа цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға аударылуда. Бұл технологиялар талдауды жетілдіруге, оқыту үдерісін дараландыруға, басқарудың тиімділігін арттыруға және ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Мемлекеттің ұлттық басымдықтары мен стратегиялық мақсаттарына сүйене отырып, білім беру процесінің барлық деңгейлеріне инновациялар мен заманауи технологияларды енгізе отырып, Цифрлық жаңартудың стратегиялық бағытын ұстанады.
AI - SANA интеллектуалды экожүйесін дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және профессорлық – оқытушылық құрам мен студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру – академияның цифрлық болашаққа қадам басудағы маңызды бағыттарының бірі.

 

Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, бастамашылдығыңыздың және инновацияға деген ұмтылыстарыңыздың арқасында академия заманауи білім беру ортасын қалыптастырып, сенімді түрде алға жылжып келеді.
Цифрлық шешімдеріңіз жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шабыт пен дамуға серпін берсін!

 

Құрметпен, «ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Ж.С.